Инфрақұрылымды дамыту

Қостанай облысында жоба құрастырушылар мен құрылысшылардың жауапкершілігін арттырады

Қостанай облысының билік өкілдері жоба құрастырушылар мен мердігерлердің жауапкершілігін арттырмақ, деп Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Евгений Аман хабарлады.
Қостанай24 Қыркүйек , 08:39

 «Жер телімі бойынша тапсырма барысын күшейту қажет. Телімдер көп қабатты және жеке үйлердің салынуына бөлінеді. Қостанай облысы мен аудандарының әкімдіктері аталмыш сұраққа өте қатал қарауы тиіс, оларды әділ құрылысшыларға тапсыру қажет, облыстық орталық жер алынған уақытты белгілеп отырады», - деп нақтылады ол.

Оның айтуынша, әкімдіктер сметалық-жобалық құжатты дайындап беруі тиіс. Бұл жобалар бюджеттік қаржыландыруға ұсынуды жеңілдетеді.

 «Жобалау жүйесіне бағынбағандар қатарына Әуежай ауданындағы үйлердің құрылысын жатқызуға болады. Тұрғын үйлерді өткен жылы бастаған болатын, ал жобалардың коммуникациялық есебі ағымдағы жылға дейін тапсырмаған», - деді Е.Аман.

Оның айтуынша, жобалау жүйесі мен авторлық құзырға қадағалау жүргізу өте маңызды.

«Евростиль» ЖШС, СтройТехIC» ЖШС, «Стальстройтехнология» ЖШС үлкен жобаларға қатысқанымен өз мүмкіндіктерін бағалай алмайды. Қорытындысында, үйлерді енгізу үрдісін бірнеше мәрте кейінге қалдырады», - деп облыс әкімінің бірінші орынбасары атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика