Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Ақмола облысында 2013 жылдың соңына дейін Индустриализация картасына 7 нысанды енгізу көзделіп отыр

Ақмола облысында 2013 жылдың соңына дейін Индустриализация картасына 7 нысанды енгізу көзделіп отыр, деп облыс әкімдігінің ақпарат бөлімі хабарлады.
Ақмола24 Қыркүйек , 11:39

 «Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 7 нысанның енгізілуі жоспарлануда. Индустриализация картасы бойынша 10 млрд теңгені құрайтын 33 жоба 3,5 жыл ішінде жүзеге асырылған», - деп хабарламада жазылған.  

Енген нысандардың 22-сі дайын өнімді шығаруға бағытталған, оның 8 немесе 36 пайызының құны  жоғары.

«2012 жылы өндіріс ауқымы 273,6 млрд теңгені құрады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Ал 2013 жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 300 млрд теңгені құрады», - деп нақтыланған хабарламада.    

Айта кетейік, өндіріс құрылымының 69 пайызын қайта өңдеу өндірісі құрайды. 




Яндекс.Метрика