Инфрақұрылымды дамыту

ҚР-ның алдағы жылу беру маусымына энергия кәсіпорындарының дайындығы жоспар бойынша жүзеге асуда - вице-министр Б. Жақсалиев

2013-2014 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық кезеңінің негізгі бөлігі орындалды, деп мәлім етті Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев.
Казахстан24 Қыркүйек , 10:43

«Жалпы жылу беру  маусымына деген дайындық ұйымдасқан түрде жүргізіліп жатыр. Алда келе жатқан күз-қыс маусымына дайындық мақсатында орталық және жергілікті координаттық штабтар жұмыс істеуде. Энергия кәсіпорны дайындығы жоспар  бойынша орындалуы керек жұмыстардың негізгі бөлігі орындалды», - деді Б.Жақсалиев.

Вице-министр айтқандай, Қазақстанда қазірге дейін жылдық көлемнің 55%-ын құрайтын 5 энергоблокпен 36 қазандық (63% ), 32 турбина (66%) жөнделген. Ал,  энергоблок, 20 қазандық пен 15 турбина жөнделу үстінде.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика