Инфрақұрылымды дамыту

ШҚО-да көлік зауыты мен технопарк құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда

Шығыс Қазасқтан облысында 62,4 млрд теңгені құрайтын толық циклді көлік зауыты мен көлік бөлшектерін өндіретін зауыт құрылысы басталды, - деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан24 Қыркүйек , 10:52

«Шығыс Қазасқтан облысында 62,4 млрд теңгені құрайтын  көлік зауытының құрылысы басталды», - деп облыстық ақпараттық орталығының хабарламасында жазылған.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасында аймақаралық ынтымақстаықтың IX Форумы барысында тараптар  жаңа көлік зауытының құрылысына байланысты бағыттарды қарастырды.

Құрылысқа 306 га жер бөлінді. Ағымдағы жылы 597 млн теңгені құрайтын құрылыс-монташ жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі күні техникалық-экономикалық жұмыстарды құрастыру шаралары орындалуда.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Астанада Прьмьер – Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен ШҚО-да көлік зауытының құрылыс жұмысына байланысты отырыс болып өткен. Жиында өндірістің қызмет бағыттары бойынша сұрақтар қарастырылды.

 




Яндекс.Метрика