Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«Тау-Кен Алтын» 2014 жылы Ұлттық банкке 9 тонна алтын құймасын тапсырды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанадағы Аффинаж зауыты ҚР Ұлттық банкіне 2014 жылы 9 тонна алтын құймасын тапсырды, деп Strategy2050.kz АА тілшісіне «Тау-Кен Алтын» ЖШС кәсіпкерлігінде хабарлады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 11:08

«Тау-Кен Алтын» ЖШС кәсіпорны үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында Астанадағы Индустриялды паркте іске асырылатын негізгі жобалардың бірі болып табылады. Аталмыш жоба 2011 жылдан бастап қолға алынып, 2012 жылдың шілде айында индустриялды форум барысында Қазақстан Президенті зауыт құрылысын бастап берген еді.

Зауыт ресми түрде Мемлекет басшысының қатысуымен 2013 жылдың 19 желтоқсанында ашылды.

Айта кету керек, зауыттың құрылысы Мемлекет басшысының «Алтын рудалары мемлекеттік аффинаж зауыттарында өңделуі керек» деген сөзіне орай қолға алынды. Жобаға сай, зауыттың жоспарлы қуаттылығы жылына кемінде 25 тонна аффинаж алтыны мен тонна күмісті құрайды.

Аффинаж зауытында шикізаттан алтын шығару үшін бес кезең бойынша жұмыстар жасалынады: алғашқы қорыту, зертханалық сараптама, күмісті электролиздеу цехы, алтынды электролиздеу цехы, құйма қою цехы мен тазалау цехы. Осынау процесстердің басы ретінде алғашқы қорыту цехын айтуға болады. Мұнда шикізаттан алтын алу жұмыстары жасалынады. Цехта 5 кг, 10 кг пештер мен 30 кг, 60 кг мен 150 кг-дық екі пештен бар.

Шикізатты зауытқа әкеліп, оны алғашқы қорытудан өткізгеннен кейін шикізат зертхана сараптамасына жіберіледі. Онда шикізаттың қаншалықты металл құрайтыны анықталады. Жедел сараптама алғашқы нәтиже алтын мен күмісті 10 минут ішінде анықтап береді. Биылғы жылдың ақпан айында зертхана халықаралық деңгейде мойындалған тіркеуден өтті.

Күмісті электролиздеу цехы.

Цех жұмысының басты мәні сонда, литріне күмістің 80 пайыз, алтынның 25 пайыз құрайтын күміс-алтын аноды құйылады. Одан кейін фильтрленген қапшықтарға құйылып, электрлиз ретінде күміс нитраты мен еркін азот қышқылы ерітіндісі іске қосылады. Сосын ток беріліп, металлды электрохимиялық еріту басталады. Металл осы арқылы ионды түрге айналады. Ерітілген азот қышқылында алтын, платина мен паладий флиьтрленген қапшықта қалады. Күміс ионды түрде ерітіндіге айналады. Одан кейін токтын әсерімен катодқа айналып, кейін күміс кристаллдары түріндегі кристалл торшасына айнала бастайды.

Металлдан алынатын жиілік 9999. Айта кетейік, аталмыш цех жылына 50 тонна катод күмісін шығаруға мүмкіндік береді.

Алтынды электролиздеу цехы.

Айтпақшы, Қазақстанда қазіргі таңда Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС, Балқаштағы «Қазақмыс» ЖШС мен «Тау-Кен Алтын» ЖШС Ұлттық банкке құйма түріндегі дайын өнімді ұсына алады.

Шикізат мердігері ретінле қазақстандық бірқатар алтын өндірші кәсіпорындары жұмыс істейді.

«Қазпошта» АҚ арнайы байланысы өнімді қабылдау мен тасымалдауды жүзеге асырады.

Ерітінді ағызылатын тереңдігі 3,8 метр, диамерті 1,2 метрлік зумпф бар. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, онда түсті және ауыр металл ажырылатылады.

Құймалар құйылғаннан кейін клеймения аймағына жөнелтіледі.

Тазалау цехы.  

Айта кетерлігі, 2014 жылы Афиинаж зауыты Ұлттық банктің алтын қорына 9 тонна құйманы тапсырды, деп хабарлады кәсіпкерлікте.

Аффинаж зауыты Ұлттық банкке өнімнің бірінші кезегін 2014 жылдың 2 сәуірінде енгізген болатын. Бірінші партияның көлемі 500 кг құрады, ол банктік стандарт бойынша 99,99% пробаға тең, құны – 21 млн АҚШ долларына тең.

 

 

 

Қызметкерлермен жұмыс бөлімі басшысы Шынар Кизиеваның айтуынша, кәсіпорында 70-тен астам адам еңбек етуде. Соның ішінде 23-і тікелей өндіріске араласады. Жұмыскерлердің 80 пайыздан астамы Италиядан оқу оқып, халықаралық санаттағы біліктілік игеріп қайтты.

Автор: Камила Амирова

Суретке түсірген: Азамат Алиев

 




Яндекс.Метрика