Өңірлер

Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің жас депутаттарының II Шекаралық форумы басталды

Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің жас депутаттарының II Шекаралық форумы басталды. «Қазақстанның жас депутатттары қауымдастығы» РҚБ ұйымдастырған маңызды шараны СҚО әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесі қолдап отыр.
Солтүстік Қазақстан30 Қазан , 18:19

Форумның басты мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы жергілікті өзін өзі басқару, кәсіпкерлік мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық салаларын дамытуда жас депутаттарды шекаралық ынтымақтастыққа тарту. 

«Шараға Қорған, Түмен, Омбы мен Таулы Алтай облыстарымен қатар Қазақстанның алты өңірінің жас депутаттары, үкіметтік орган мен қоғамдық бірлестік өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер шақырылды», - деп хабарлайды қауымдастық.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов форум делегаттарымен кездесті. Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан өңірі екі елдің мемлекеттік шекараларын байланыстырып қана қоймай, іскерлік және достық қатынаста алтын көпірге айналған.

«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге мемлекет басшылары тарапынан қол қойылғаннан кейін біздің ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. СҚО тауар айналымының 63 пайыздан астамы Кеденедік Одақ елдеріне тиесілі», - дейді әкім.
 




Яндекс.Метрика