2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қазақстанда болашақтықтарды жұмыспен қамтамасыз ететін «Мансап» орталығы құрылды – Е.Мақашев

«Болашақ» стипендияттарының елге оралғаннан кейінгі жұмыссыздық мәселесінің алдын алу мақсатында «Болашақ» қауымдастығы «Мансап» орталығын құрды, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендияттарының қауымдастығы атқарушы директоры Ермек Мақашев елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен стипендия түлектеріне арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесінде.
Астана қаласы30 Қазан , 18:11

«Өкінішке қарай қазіргі таңда болашақтықтардың жұмыссыз қалу мәселесі әлі де болса шешіліп біткен жоқ. Дегенмен, 2009 жылдан бері бүгінгідей жыл сайынғы «Болашақ» қауымдастығы бос жұмыс орны жәрмеңкесін өткізуді әдетке айналдырды. Бұл шараға ұлттық және халықаралық компаниялар мен жеке меншік кәсіпорындардан құралған түрлі жұмыс берушілер қатысады. Бүгін осында 40 компания өкілдері келіп, өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынуда. Оған шамамен 500-дей жұмыс іздеуші қатысады деп күтілуде», - дейді қауымдастықтың атқарушы директоры.

Оның айтуынша, қауымдастықтың 2001 жылдан бастап жұмыс істейтінін ескерсек, осы уақыт аралығында көптеген стипендияның көптеген түлектері оқуларын аяқтап келгенімен, жұмыс табу кезінде қиындыққа ұрынбауы үшін «Болашақ» қауымдастығы бүгінде «Мансап» орталығын ашып отыр. Ол өз кезегінде жұмыспен қамту мақсатында бітірген түлектермен тікелей жұмыс істемек.

Аталған шараға 40 астам кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынады. Атап айтқанда, «Эйр Астана» әуе компаниясы, «COSMIKazakhstan» ЖШС, Назарбаев Университеті, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, BI-Group, ««Хабар» агенттігі» АҚ және т.б.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика