Адами капитал

Ақмола облысы жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне ҚР Президентінің Жолдауы түсіндірілді

Ақмола облысында Сандықтау жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндірді, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола30 Қазан , 19:03

«Балалар үйін Ақмола облысының ішкі істер департаментінің өкілдері, ТЖ департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі, қорғаныс ісі, 5510 әскери бөлімі, Сандықтау ІІБ өкілдері тамашалады. Олар Елбасы Жолдауын ақпараттандыру жұмыстарын жасады», - делінген хабарламада.

Ақмола облысының ІІД басшылығы балаларға спортпен айналысу үшін велотренажерларды сыйға тартты. 




Яндекс.Метрика