Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады

Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қазан , 17:19

«Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мәселелері қарастырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі бағыттар бойынша нығайғанын атап өтті.

Әңгіме барысында Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтастықтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» ислам банкі мен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтуға болады. 

 

 




Яндекс.Метрика