Өңірлер

«ҚазМұнайГаз» 2014 жылдың соңына дейін жеті компанияны жекешелендіреді (Видео)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 27 компанияны жекешелендіруді көздеп отыр, соның ішінде 2014 жыл соңына дейін жеті компанияны жекешелендіреді, деп мәлімдеді бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпорациялық орталық бойынша басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев инвесторлармен кездесу барысында.
Астана қаласы 30 Қазан, 17:16

Ұлттық компанияның хабарлауынша, 2014-2020 жылдары ҚМГ 27 компанияны жекешелендіруді көздеп отыр, соның ішінде 2014 жыл соңына дейін жеті компанияны жекешелендіреді.

«Самұрық-Қазына» қорының шешімімен биыл «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК ЖШС, «Еуро-Азия Эйр» АҚ, «Қазақстандық мұнай және газ институты» АҚ, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ, PALPLAST S.A., ROMINSERV VALVES IAIFO SRL, GLOBAL SECURITY SISTEM S.A сатылмақ.

«Бұлар тұрақты түрде кәсіппен айналысатын компаниялар. Сату шарты ашықтық пен жариялылық. Сауда «Самұрық-Қазына» ережесімен ҚР Қаржы министрлігі алаңында жүзеге асырылады. Егер компания стратегиялық актив болған жағдайда, ол екі кезеңдік байқауға шығарылады», - дейді Д.Берлібаев.

Оның айтуынша, жекешелендіруден түскен қаражат «ҚазМұнайГаз» қазынасына аударылады. «Отандық кәсіпкерлік осы шараға белсенді қатысуы біз үшін өте маңызды. Сол себепті біз сату шараларын Румынияда да өткізбекшіміз», - дейді.

«2015 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы мен «ҚазТрансГаз Алматы» компанияларының 49 пайыз акциясы жекенің қолына өтпек. Олар халықтық IPO бағдарламасы арқылы сатылымға шығарылмақ. Сонымен қатар, тағы да бес компания сатылады. 2018 жылы және төрт компания жекешелендіріледі», - дейді Берлібаев кездесуде.

Айтпақшы шара барысында ҚМГ мен үлескер компания жетекшілігі жекешелендірілетін активтерді сату ережелерін таныстырып, барынша тиімді нысандардың атын атап, түсін түстеп берді. Өздеріңізге де белгілі, Мемлекет басшысының ҚР Үкіметі мойнына жүктеген тапсырмасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ –мен бірлесіп 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары дайындалды.

Бұрындары айтылғандай, жекешелендіру бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттің ел экономикасына қатысуын азайтуға көзделген.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика