Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алматыдан шыққан «Тұлпар-Тальго» жаңа жүрдек поезы Өскеменге жетті

Бүгін Өскеменге Алматыдан алғаш рет шыққан 23 вагоннан тұратын № 69/70 жаңа жүрдек жолаушылар поезы келіп жетті. Оның жалпы жол уақыты 17 сағат 45 минутты құрады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан30 Қазан , 17:03

Алматы мен Өскемен арасын жалғайтын жаңа жүрдек поезы 2014 жылдың 29 қазанында алғаш рет жолға шыққан еді. Бүгін «Защита» қаласындағы темір жол вокзалында оны салтанатты түрде күтіп алу рәсімі болды.

«30 жыл бұрын біз осындай поездардың болатынын ойымызға да алмаушы ек. Ол қазіргі заманауи талаптардың барлығына жауап береді. Енді Алматы мен Өскемен арасын байланыстыратын бірегей байланыс құралы болмақ. Көлік логистикасын дамыту кез келген мемлекет үшін негізгі стратегиялық мәселелердің бірі. Қазіргі таңда бізде осы салаға көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі жаңа поез арқылы біз бұрынғы жол уақытын 10 сағатқа дейін азайтып отырмыз. Бұрын Алматы мен Өскемен арасын 27 сағатта жүріп өтетін поезд енді 17 сағатта жолаушыларды екінші қалаға жеткізбек», - дейді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, поезд «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған. Ол күнара қатынайтын болады.

«Қазіргі таңда «Тұлпар-Тальгоның» 6 бағыты бар. Осымен аталмыш бағыттар саны 7-ге жетті. Сонымен қатар жыл соңына дейін Өскемен-Астана бағыты ашылмақшы. Кейін тағы екі бағыт пайдалануға беріледі», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Төлегенов.  

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да «Семей-Астана» жүрдек бағыты қатынауда. Олар да «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған.




Яндекс.Метрика