Ұлтаралық бірлік

Қоғамдық келісім кеңестері азаматтардың сұрақтарын саясатқа жақындатпай шешетін болады – Шанаи

Қоғамдық келісім кеңестері азаматтардың сұрақтарын саясатқа жақындатпай шешетін болады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қазан , 16:48

«Кеңестер өңірлік әкімдіктер жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде қызмет істеуде, оның құрамына ардагерлер ұйымдарының, саяси партиялардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері енген.  Қоғамдық келісім кеңестерінің басты міндеті азаматтық институттардың, қоғамдық, саяси және басқа да бірлестіктердің күшін қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту бағытында жұмылдыру болып табылады», - деді ол.

Қоғамдық келісім кеңестері 2013 жылы еліміздің барлық өңірлерінде «Қазақстан-2050» стратегиясы»: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Кеңестер ел Президенті айқындап берген жалпыхалықтық, ішкі саяси мүдделерден биік және жалпыхалықтық қоғамдық келісім институты ретіндегі жаңа рөліне сәйкес ҚХА аясында құрылған.

Кеңестер қызметі түрлі әлеуметтік топтарды, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қалыптастыру процесіне тартуға, олардың әлеуетін өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бұруға бағытталған.

 

 




Яндекс.Метрика