Білім беру

2014 жылы ТжКБ мамандарын дайындауға бюджеттен 3 млрд-тан астам теңге бөлінді – БҒМ

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға республикалық бюджет есебінен 2014 жылы 9 бағыт бойынша 3 млрд. 229 млн. теңге көлемінде 2276 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.
Астана қаласы30 Қазан , 19:32

«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жасайды. Аталған тапсырысты әзірлеуде аймақтағы еңбек нарығындағы сұраныстар есепке алынады. Техникалық және кәсіптік білім саласының басты міндеті – ол нарықты қажетті мамандармен қамтамасыз ету. Яғни, мамандықтардардың тым артық немесе кем болған жағдайында азаюы және ұлғаюы заңды процесс», - делінген хабарламада.

БҒМ хабарлағандай,  мақсатты трансферттер арқылы жергілікті органдарға 1 млрд. теңге көлемінде экономиканың 15 бағыты бойынша 5358 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

2015 жылы Елбасының техникалық және кәсіптік білім алуды кепілдендіру тапсырмасын орындау мақсатында 1 млрд. теңге көлемінде 5358 орын техникалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тапсырыс жоспарланды.

 




Яндекс.Метрика