Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақтелеком» АҚ қызметін сату табысы биылғы жылдың 9 айында 8%-ға артты

«Қазақтелеком» АҚ қызметтерін сатудан биылғы жылдың 9 айындағы шоғырландырылған табыс өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8%-ға артып, 148 712 млн теңгені құрады.
Казахстан30 Қазан , 19:16

Қазақтелекомның хабарлауынша, компанияның телекоммуникация желілерінде телефон қызметтеріне жаңа абоненттерді қосу жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі анықталған жолақ саны биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 4 039 725-ті құраса, соның ішінде қалалық телекоммуникациялық желіге (ары қарай - ҚТЖ) тиесілісі 2 913 996, ауылдық телекоммуникациялық желіге (ары қарай – АТЖ) тиесілісі 1 125729», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 100 адамға шаққандағы телефон тығыздығы 24,5 нөмірді құрады. Нақтырақ айтар болсақ, ҚТЖ 31,99, АТЖ 15,46 нөмір.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша «Қазақтелеком» АҚ жергілікті телекоммуникациялық желісі 5 799 коммуникациялық пункт таныстырылып, соның ішінде ҚТЖ бойынша 2 950, АТЖ бойынша 2 849, деп хабарлайды компания.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобы бойынша Ғаламторға қолжетімділік қызметтерінің тұтынушылары саны 2014 жылдың 9 айында 4 172 638 адамды құрады.

Хабарламада айтылғандай, Қазнеттің белсенді дамуы мен төлем деңгейін өзгертпестен жылдамдықты арттыру үшін Ғаламтор желілеріне қолжетімділік қызметтерінің сипаттарын жақсарту бойынша бірқатар шаралар кешенін дайындады.

«Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Megaline Hit Optima тарифтік жоспарының сыртқы ғаламтор ресурсы трафигі көлемі екі рет ұлғайтылды, 10 Гбайттан 20 Гбайтқа дейін. Ал 1 шілдеден бастап MegalineHitOptima тарифтік жоспары бойынша ішкі ресурстарға қолжетімділік жылдамдығы секундына 2 Мбиттен 4 Мбитке дейін көбейтілді», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика