Білім беру

Павлодарлық ЖОО Еуропалық Университеттер Қауымдастығының құрамына өтті

Хельсинки қаласында өткен Еуропалық Университеттер Ассоциациясы Кеңесінің отырысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Еуропалық университеттер ассоциациясына өтуі туралы шешім қабылданды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Павлодар30 Қазан , 17:48

«Еуропалық университеттер ассоциациясы (ЕУА) – Еуропадағы жоғары оқу орындары қауымдастығының бас өкілі. ЕУA – бұл 46 мемлекеттегі 850-ден астам жоғары оқу орындарын біріктіретін ұйым. ЕУА университеттердің әртүрлі іс-шаралар: саяси диалог, конференциялар, семинарлар, мазмұнды әрі мақсатты жобалар ұйымдастыру арқылы еуропалық сападағы  жоғары мектептер  қатарына қосылуына себепші болады», - делінген хабарламада.

Ассоциация шеңберінде жоғары оқу орындарының әріптестігі, ақпаратпен алмасуы және бірлескен зерттеу жобаларын өткізуі қамтамасыз етіледі. ЕУA бұл салада өзінің бірегей білімі мен қатысушылардың алуан түрлілігі арқасында Еуропадағы жоғары білім және ғылыми-зерттеушілік қызмет бейнесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

ЕУА-нің басты миссиясы әрбір ЖОО-ның дамуына және жалпы оқу үрдісіне ықпал ету болып табылады. Бұл бірқатар шаралардың орындалуымен жүзеге асады. Мысалы, ЖОО бағалау бағдарламасы, бағалауды келісу, тематикалық конференциялар мен университет басшыларына арналған семинарлар сынды шараларды өткізу.

ЕУА жобалары университеттерді Еуропаның барлық жоғары мектептерімен біріктіріп, стратегиялық салаларын және ЕУА саяси бағытын нығайтуға бағытталады. Сонымен қатар, ЕУА Балон үрдісіндегі университеттік сектордың ресми өкілі ретінде көптеген жұмыс топтары мен кеңестік ұйымдардың жұмысына қатысады. Ассоциация жоғары оқу ордаларының көзқарасын ұсынып, Еуропалық комиссияға университеттің зерттеу стратегиясына қатысты мәселелер бойынша кеңес береді. Сондай-ақ, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО-мен тығыз қызметтік байланыс  орнатады.

ЕУА мүшелері ақпарат тарату, баяндамаларды жариялау және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы арнайы білім алады. Мұнымен қоса, бұл білім ЕУА-ның Еуропа мен басқа да шетел мемлекеттері аудиториялары үшін еуропалық университеттердің ағымды реформалары туралы ақпаратты таратуда маңызды рөл атқаратындығын көрсетеді.  




Яндекс.Метрика