Адами капитал

Астаналық ІІД қызметкерлері балаларды қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға оқытуда

Астанада «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы өтуде. Ол балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық орындардағы негізгі қауіпсіздік ережелеріне оқытуда, деп хабарлады астаналық ІІД.
Астана қаласы30 Қазан , 19:51

«Акция аясында әкімшілік полиция қызметкерлері орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тақырыптық ойындар өткізіп, «Полицей – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесулер өткізеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 31 қазан күні 1-4 сынып  оқушыларына  арналған ІІД мекемесін таныстыру шарасы өтеді. Олар қызметтік кабинеттер мен ІІД музейін тамашалап, ішкі істер ардагерлерімен кездесуге мүмкіндік алады.

Астаналық ІІД алаңында бүлдіршіндерге патрульдік автокөліктер мен жол-патруль полицейлерінің қызметі таныстырылады. Мектеп оқушылары кинологиялық қызметкерлердің жұмысына тәнті болады. 




Яндекс.Метрика