Ұлтаралық бірлік

Қазақстанда ҚХА жанынан 1 мыңнан астам қоғамдық келісім кеңесі құрылды

Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 1035 қоғамдық келісім кеңесі құрылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Назипа Шанаи.
Астана қаласы 30 Қазан, 15:56

«ҚХА халықтарының 20 сессиясында қабылданған Мемлекет басшысының қоғамдық келісім комиссиясын құру туралы шешімі қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және өзге де мәдени мәселелерді шешудің демократиялық әдісі ретінде қабылданды. Жалпы, қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, мемлекет пен азаматтардың мүдделері бір арнада тоғысуы өте маңызды. Осы орайда мұндай институттардың маңызы жоғары. Бүгін, 2013 жылдың мамырынан бері Қазақстан Республикасында 1035 қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Соның ішінде Алматы облысында 271, Ақмола облысында 266, ОҚО-да197, БҚО-да 163», - дейді Н. Шанаи.

ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Назипа Шанаидің айтуынша, мұндай кеңестер тек өңірлерде ғана емес, сонымен қатар ірі ұйымдарда да құрылады.

«Қоғамдық келісім кеңесі облыстан аудандық және ауылдық жерлердің барлығын қамтиды. Сонымен қатар, олар ірі кәсіпорындар жанынан да құрылмақ. Бүгінде осындай диалогтың алаң арқылы азаматтық қоғам мен билік арасындағы сенімді өкілге айналды», - дейді.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика