Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда онкологиялық сырқаттар тегін тексеріледі

Қазақстан өңірлерінде «Ұлттық ғылыми онкологиялық және трансплантологиялық орталығы» АҚ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысымен «Халықаралық хаттамалар негізінде диагностикадан бейімдеу кезеңіне дейін онкологиялық сырқаттарды емдеу» бағдарламасын ашты.
Казахстан30 Қазан , 18:49

«Халықаралық хаттамалар негізінде диагностикадан бейімдеу кезеңіне дейін онкологиялық сырқаттарды емдеу» бағдарламасы Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана және Қарағанды қалаларында өткізіледі. Бағдарламаның басты мақсаты қабынып кетуі мүмкін созылмалы сырқаттарға шалдыққан халықты қарау болып табылады», - деп хабарлайды ғылыми орталық.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында тексеруден өту толықтай тегін жүргізіледі.  

«Бағдарламаның басты қағидасы 18 және одан ересек жастардағы өңір халықтарын қамту мен қабынуы мүмкін және соның алдында тұрған науқастарды тұтастай тексеруден өткізу және халықаралық ұсыныстарға сай қатерлі топтарға жататын пациенттерді барынша көбірек қамту», - делінген хабарламада.

Ғылыми орталықтың хабарлауынша, тексерудің басты әдісі ультрадыбыстық тексеру, эндоскопикалық зерттеу, контрастирлеумен компьютерлік томография, контрастирлеумен магниттік-резонанстық томография, иммуно-гистохимикалық, молекулярлық-генетикалық сараптау мен өзге де қымбат тексеру әдістері. 




Яндекс.Метрика