Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Атырау облысының 612 кәсіпорны дуальды оқытудың серіктесі болады – әкімдік

Атырау облысының 612 кәсіпорны дуальды оқытудың серіктесі болады.Бұл туралы Техникалық және кәсіптік білім берудің ІІІ облыстық форумында мәлім болды.
Атырау30 Қазан , 18:34

 «Бүгінгі инновациялық технологиялар заманында кәсіптік және техникалық білімнің өзектілігі арта түсті. Білім беру саласында нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, кадрлар даярлауда дуальды оқыту жүйесін дамыту керек. Барлық мәселелер жүйелік шешімдер мен заңнамаларды талап етеді. Еңбек нарығы қандай мамандарға зәру екенін білу мақсатында ұдайы мониторингтер өткізіп отыру қажет. Бүгін, әсіресе, техникалық мамандықтарға сұраныс көп», - деді аймақ басшысының орынбасары Сәлімжан Нақпаев.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, аймақтағы дуальды оқыту жүйесінің элементтері енгізіліп, бұл бағытта жұмыс жасап жатқан оқу орындары мен кәсіпорындарында бірқатар іс атқарылғаны байқалады. Мәселен,«КазКомСервис» ЖШС директорының міндетін атқарушы Светлана Долгованың айтуынша, аталмыш кәсіпорын дуальды оқыту жүйесі бойынша Атырау индустриалды колледжімен үш жылдан бері тығыз байланыста.

Мұнда өндірістік тәжірибе бойынша қызмет етуде екі жақты және үш жақты келісімдерге қол қойылып, содан бері біраз іс жүзеге асқан. Арнайы оқу үдерісінің кестесі жасақталып, студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Темірбетондық құрастырмалар мен тауарлық бетондарды  құрылыс нысандарына дайындау жұмыстарын жүзеге асыратын бұл кәсіпорында 200 түрлі темірбетондық құрастырмалар дайындалады. Дуальды жүйені енгізу бойынша бүгінгі күні бұл жұмыстарға студенттер де тартылып, олар арматуршы, жүк ілуші, электрогазбен пісіруші мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіруде.

Дуальды оқытудың басты ерекшелігі –  оқу орнын жаңа бітірген жас маман жұмыссыз қалып қоймайды. Себебі, ол оқу орнын аяқтағанда біліктілігі жетілген, нағыз қажет маман болып шығады. Сондықтан бұл жүйені дамыта түсуіміз қажет» деді С. Долгова.

Форум соңында бұған дейін ерекше көзге түскен жұмыс берушілердің бір тобы облыс әкімі, облыстық білім беру басқармасы және Мәслихаттар атынан Алғыс хаттармен марапатталды.




Яндекс.Метрика