Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Жыл соңына қарай мыс өндірісінің көлемі 295 мың тонна ауқымында болады – Қазақмыс

Қазақмыс Тобы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 213,1 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірді. Жыл соңына қарай өндіріс көлемі жоспарлы 285-295 мың тонна ауқымында болады деп болжанып отыр, деп хабарлады корпорация.
Казахстан30 Қазан , 18:26

«Есепті кезеңде 27,7 млн тонна кен өндірілді. 2014 жылдың 9 айында жариялық компанияның қолданыстағы өндірістік базасын құрайтын Шығыс өңірдегі активтердің кенінен 59,4 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл мөлшер өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға артық», - делінген хабарламада.

Осылай Николаев кен байыту фабрикасында жүзеге асырылып жатқан модернизациялау бағдарламасының арқасында мысты айырып алудың деңгейі өткен жылғымен салыстырғанда, 80-нен 88% дейін өсті.

Қырғызстандағы Бозымшақ кен орнының тау-кен өндіру кешенінде іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін өнеркәсіптік өндіріс басталады деп күтілуді. Үшінші тоқсандағы 250 мың тоннаны қоса есептегенде, 2014 жылдың тоғыз айында Бозымшақта 365 мың тонна кен өндірілді. 2014 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша мұнда құрамында 8,2 мың тонна мыс пен 52,1 мың унция алтыны бар 807 мың тонна кен қордаланған.

«Шығыс өңір мен Бозымшақ кен орнындағы болжамды жылдық өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады – катодты теңгерімдегі мыс мөлшері 80-85 мың тонна», - делінген хабарламада.

Жеке компания құрамына кіретін Қарағанды, Жезқазған мен Балқаштағы өндірістік алаңдардың кәсіпорындарында жыл басынан бері 153,7 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді, оның 55,6 мың тоннасы үшінші тоқсанда өндірілген. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша кен құрамындағы мыстың орташа көрсеткіші - 0,82%.

Таяу уақытта Топты қайта ұйымдастыру шарасы аяқталады. Нәтижесінде Қарағанды, Жезқазған мен Балқаштағы өндірістік алаңдардың кемел активтері Cuprum Netherlands Holding B.V. компаниясына беріледі және өз қызметін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамында жалғастырады. Шығыс өңірдегі кәсіпорындар, Бозшакөл, Ақтоғай және Көксай өркендеу жобалары, сондай-ақ Бозымшақ кеніші атауын KAZ Minerals PLC өзгертетін жариялық компания құрамында қалады. 




Яндекс.Метрика