Халықаралық интеграция

ЕО бағдарламасы технология мен білімді беру арқылы мемлекет әлеуетін арттыруға бағытталған– Лаврофф (ВИДЕО)

Құқық үстемдігі мен тиімді мемлекеттік басқару бойынша Еуропалық Одақтың бағдарламасы технология мен білімді беру арқылы мемлекет әлеуетін арттыруға бағытталған, деп мәлімдеді бүгін ҚР-дағы ЕО үкіметінің техникалық қолдау бөлімінің басшысы Жан-Луи Лаврофф Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің әділет министрлерінің төртінші конференциясында.
Астана қаласы 30 Қазан, 16:32

«ЕО осындай қолдау көрсету мандатын алып отыр. Сол себепті аталмыш бағытта ынтымақтастық құруға қызығушылық танытатын әріптес елдердегі реформаның күн тәртібіндегі мәселелердің негізгі рөліне иеміз. ЕО құқық үстемдігі мен тиімді мемлекеттік басқару бағдарламасы технология мен білім беру және мақсатты аудиторияға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын шектеуді алып тастауға бағытталған. Осы жобалар арқылы шешім қабылдаудың есеп беру деңгейін арттыру тетігін құрып, осы жобалар мәліметтері азаматтардың алуына құқы бар мәліметтер туралы ақпараттану деңгейін арттырады», - дейді Жан-Луи Лаврофф.

Сонымен қатар, ҚР-дағы Еуропалық Одақ үкіметінің техникалық қолдау бөлімі басшысының айтуынша, қаржыландырылып жатқан жобалар аясында ЕО сыртқы саясатының бір бағыты жеке бас еркіндігі мен адам құқығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында заң үстемдігі мен құқық үстемдігін демократияға кіріктіру үшін реформа жасау кезіндегі әріптес елдерге қолдау көрсету болып табылады.  

«Қазіргі таңда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту  туралы қол қойылған келісім өз күшіне енген. Оның белгісі ЕО пен ОА-дағы құқық үстемдігі платформасы жобасы бойынша аталмыш бастаманы іске асыру мен құқық үстемдігі бастамасы болып табылады. Құқық үстемдігі мен тиімді мемлекеттік басқару бағытындағы ынтымақтастық көпжақты және екіжақты негізде жүзеге асырылуда», - дейді Жан-Луи Лаврофф.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика