Өңірлер

«Даму» қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Байқоңырда өтіп жатқан 4-ші инвестициялық форумда «Даму» қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қор.
Қызылорда30 Қазан , 15:47

««Даму» КДҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова ЕЭК жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультативтік кеңес отырысында әкімдік ынтымақтастығы бойынша жүретін негізгі бағыттарды атап өтті. «Даму» қоры Қызылорда облысының әкімдігімен 2015 жылы пилоттық жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Қор жобаның бірінші іріктеуі барысында халықты бизнеске тартуды жүзеге асырады», - делінген хабарламада.

Л.Ибрагимованың айтуынша, меморандум аясында кәсіпкерлер несиесі бойынша кепілдік беруді жеңілдету ғана емес, шағын және орта бизнеске ҮИИД МБ аясында жеңілдіктер жасау қарастырылған.

«Облыс әкімдігі аталмыш мақсаттарға 100 млн теңге бөлуді көздеп отыр, «Даму» қоры тарапынан жобаларды тең қаржыландыру жасалады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметінің ауқымын кеңейту жоспарланып отыр», - деп хабарлады Қорда.




Яндекс.Метрика