Инвестициялар

Қ.Келімбетов: Әлемдік инвесторлар мен құнды қағаздарды шығару бағытында Қазақстан Малайзияның тәжірибесін қолданады

Әлемдік инвесторлар мен құнды қағаздарды шығару бағытында Қазақстан Малайзияның тәжірибесін қолданады, деді Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы30 Қазан , 12:51

«Инвесторларды қаржыландыруға тарту және мемлекеттік, квазимемлекеттік құнды қағаздарды шығару, жеке секторды қаржыландыруда біз Малайзиялық тәжірибеге сүйенетін боламыз. Біздің қор биржасы Куала-Лумпурдың қор биржасымен серіктестік құрады. Олардың құнды қағаздар нарығы 200 мрд долларды құрайды. Сондықтан да біз ең алдымен Малайзияның тәжірибесін қолданатын боламыз», - деді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, бұл жұмыс тиімді жүзеге асу үшін Қазақстан жақын Шығыстың тәжірибесін де зерттемек. Ислам форумы аясында Ұлттық банк пен БАӘ Орталық банкі арасында меморандум орнатылды, 2015 жылы Қазақстан ислам құнды қағаздарын шығара бастайды.

 «Қазан айында Қаржы министрлiгi 14 жылдық үзiлiстен кейін 2,5 млрд доллардың құнды қағаздарын нарықта сәттi орналастырды. Өтiнiмдер кiтабының 11 млрд доллардан асып жығылғанын естерiңiзге салып өткiм келедi. 10 жылдық құнды қағаздар бойынша табыс 4%-ды, ал 30 жылдық қағаздар бойынша 5%-ды құраған. 2014 жылды I жартыжылдығы қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы мемлекеттiк қарызы ЖIӨ-нiң 2,5%-ынан аспады.Мұны ескере отырып, алдағы 5 жылда ел үкiметi, елiмiздегi квазимемлекеттiк сектор мен жеке сектор ислам қаржыландыру нарығын егемендi және квазиегемендi, жеке сектордың құнды қағаздарды тарту құралы ретінде қолдана алады. 2015 жылы бұған қолайлы жағдайлар жасалады. Ислам құнды қағаздарын шығаруды реттеу саласындағы тиісті заңнама әзірленген», - деді ол.

Индира Қауметова 




Яндекс.Метрика