Халықаралық интеграция

2015 жылы Алматыда исламдық қаржыландыру кеңесінің саммиті өтеді (Фото)

2015 жылы Алматыда исламдық қаржыландыру қызметтер кеңесінің саммиті өтеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Астана қаласы 30 Қазан, 12:04

«ҚР Үкіметі Қазақстан Президентінің тапсырмасымен 2020 жылға дейінгі исламдық қаржыландырудың жол картасын дайындады. Біз исламдық қаржы қызметтері кеңесінің мүшелігіне еніп, 2015 жылы Алматыда исламдық қаржыландыру  қызметтер кеңесінің саммитін өткіземіз. Бұл өз кезегінде ислам қаржы институттарына бірыңғай стандарт құруды тиімділетуге мүмкіндік береді», - деді ол.

«Елбасы Алматы қаласын өңірлік хаб ретінде қарастырып отыр, ол тек дәстүрлі қаржы саласында ғана емес, ислам қаржыландырудың негізі ретінде болмақ», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, біздің аймақта ислам қаржыландыруын дамытудың жаңа көкжиегі пайда болады.

«Аймақта 70 млн мұсылман бар, олар ислам қаржы өнімдерінің тұтынушылары болып есептеледі, біз жақын арада Үкімет мақұлдаған Жол картасы аясында ислам қаржыландыруын дамытатын жаңа толқынын күтудеміз», - деді ол.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика