Адами капитал

Қарағандыда 739 бала қамқоршылардың отбасында тәрбиеленуде – әкімдік

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы бойынша 739 бала қорғаншылармен қамқоршылардың және патронаттық тәрбиешілердің отбасында, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Қарағанды30 Қазан , 14:47

«Жыл сайын «Шығармашылық бастама әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің, «Қазақстанның қамқоршылар одағы» қоғамдық қорының, «Бала дауысы» бірлестігінің бастамасымен Республика бойынша «Қамқоршылар күні» өткізіледі», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы бойынша 739 бала қорғаншылармен қамқоршылардың және патронаттық тәрбиешілердің отбасында.  «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы қаулысына сәйкес барлық қорғаншылар мен қамқоршыларға 2011 жылдан бастап жәрдемақы төленеді.

«Қамқоршылар күні» аясында бала бойына отбасы жылулығы мен махабатын дарыта алатын кең пейілді, ашық жүректі жандарға құрмет көрсетіледі. Негізгі мақсаты қабылдаушы отбасында баланың сәтті бейімделуі мәселелерінде қамқоршыларға әрекетті көмек көрсету, сонымен қатар отбасы тәрбиесіне алынған балаға деген сүйіспеншілігі, шыдамдылығы және еңбегі үшін қамқоршыларға алғыс білдіру болып табылады.

 




Яндекс.Метрика