Парламент

ҚР Парламенті Белоруссиямен өзара салық төлеу келісімінің аяқталуы туралы хаттаманы ратификациялады

ҚР Парламент Сенаты жалпы отырыста Қазақстан және Беларусь Республикасы үкіметтері арасында 1999 жылдың 2 ақпанындағы импорт және экспорт кезінде туындайтын өзара, қосалқы принциптер келісімінің аяқталуы туралы хаттаманы ратификациялады.
Астана қаласы30 Қазан , 11:34

«Хаттаманың мақсаты 1999 жылдың 2 ақпанында Минскіде қол қойылған Қазақстан мен Беларусь республикаларының үкіметтері арасында импорт және экспорт кезінде туындайтын өзара, қосалқы принциптер келісім уақытының аяқталғанын мойындау болып есептеледі. Құжат 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кедендік одаққа қызмет көрсету аясында экспорт және импорт кезінде өзара және қосалқы салықтар туралы Кедендік одақ аймағында бірыңғай кедендік аймақ пен оны қалыптастыру келісім шартының өз күшіне енуіне сәйкес аяқталды», - делінген тұжырымдамада.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, сәйкес хаттама Астана қаласында 2011 жылдың 8 қарашасында жүзеге асты.

«Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 4 бөліміне сәйкес Хаттама ратификацияланады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика