Өңірлер

ҚР-да жыл басынан бері алтын валюта қоры 10%-ға ұлғайды – Келімбетов (Брифинг бейнебаяны)

Жыл басынан бері ҚР-да алтын валюта қоры 10%-дан астам ұлғайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан 30 Қазан, 11:25

«9 айдың қорытындысы бойынша елдегі алтын валюта қоры 9 пайызға көбейсе, жалпы жыл басынан бергі есептегендегі бұл көрсеткіш 10 пайыздан асады. Ай сайын алтын қорының көбейіп келе жатқаны байқалады. Сондықтан алаңдауға ешқандай да негіз жоқ деп есептеймін», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ақпан айында өткізілген теңге курсының түзетілуінен кейінгі валюта мен қазақстандық экономиканың беріктігіне көз жеткіздік. Елдің халықаралық қорлары жалпы 104 млрд теңгеден асып, 2014-2016 жылдары жоспарланып отырған түбегейлі өзгерістерге қарай сенімді қадам басуға мүмкіндік береді.  

«2015-2016 жылдарға болжанып отырған жағдайларды көре отырып біз алдағы уақытта ешқандай да алаңдаушылық танытуға себеп жоқ екенін баса айтқымыз келеді. Алдағы уақытта ешқандай да валюталық түзету немесе девальвация күтілмейді», - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика