Парламент

Қазақстанда Швейцариямен арадағы реадмиссия туралы келісім ратификацияланды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федеральдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
Нұр-Сұлтан30 Қазан , 11:14

«Келісімге сәйкес, уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағында рұқсатсыз болатын адамдар реадмиссиясының құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттеуге бағытталған», - деп конституциялық заңнама комитетінің  сот жүйесі мен құқыққорғау органдарына  арналған  тұжырымдамасында  жазылған.

Комитеттің тұжырымдамасында көрсетілгендей, реадмиссия аталмыш келісімнің тәртіптеріне сәйкес сұраныс жіберіп отырған тарапқа компетенттік органдардың  көмегімен заңсыз шығып, сұрап отырған мемлекет аймағында шоғырланған азаматтарды қабылдау немесе қайтарып беруді жүзеге асырады.

«Бұл халықаралық құжат уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды доғарған адамдарды анықтау және қауіпсіз әрі реттеп қайтаруға арналған тиімді рәсімдерді айқындайды, сондай-ақ осындай адамдардың транзитіне ықпал етеді», - делінген тұжырымдамада.

Келісімнің 13 бабына сәйкес, реадмиссияға және транзитке байланысты барлық шығындарды сұрау салған тарап көтереді. Құжатқа сәйкес, тараптар басқа тарапқа дипломатиялық арналар арқылы ресми хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданылуын толық немесе ішінара не мүлде тоқтата алады.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика