Инвестициялар

Қазақстан - ОА мен ТМД өңіріндегі исламдық қаржыландыру бойынша көшбасшы мемлекеттердің бірі – Келімбетов

Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан бүгінгі таңда Орталық Азия мен ТМД өңіріндегі исламдық қаржыландыру бойынша көшбасшы мемлекеттердің біріне айналып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан30 Қазан , 11:12

«Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан бүгінгі таңда Орталық Азия мен ТМД өңіріндегі исламдық қаржыландыру бойынша көшбасшы мемлекеттердің біріне айналып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып исламдық қаржыландыру қызметтері мен ұйымдары мәселелері бойынша заңнама қабылдадық. Биыл есеп пен аудит бойынша ұйым стандарттары негізінде бухгалтерлік есептің заңнамалық базасы дайындалды. Сонымен қатар, биылғы жылы осы ұйымға енуді жоспарлап отырмыз», - дейді бас банкир.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Мемлекет басшысына деген сенімнің арқасында елімізде бірқатар исламдық қаржы ұйымдары мен инвестициялық қорлар белсенді түрде инвестиция салуда.

«Біздің елімізде БАӘ-нің алғашқы банкі өз жұмысын істеп жатыр. Енді Бахрей, Катар, Малайзияның қаржы институттарын еліміздің нарығына кіргізу туралы мәселелер қаралып жатыр», - дейді ол.

Келімбетовтың айтуынша, Қазақстанда екіжақты сақтандыру бойынша исламдық сақтандыру компаниясы жұмыс істеп жатыр. Ал 2014 жылы жеке секторды дамыту бойынша ислам корпорациясының қатысуымен Қазақстанда алғашқы исламдық лизингтік компания ашылды.

«Қазіргі таңда аталмыш компания жалпы құны 4,5 млн доллардың 16 жобасын қаржыландыру жүргізілуде», - дейді Келімбетов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика