ҚР ИИДМБ

Ақмола облысын дамыту бағдарламасына 9 инвестжоба енгізілді

2011-2015 жылдарға арналған Өңірді дамыту бағдарламасына Ақмола облысының тоғыз инвестициялық жобасы енгізілді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола30 Қазан , 14:32

«Нарықтық қатынастар жағдайында басты бағыт экономика тиімділігін арттыру мен экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру болып табылады. Сессия барысында «Демалыс аймағын ашу мен жаңғырту жобасын іске асыру» жобасы таныстырылды. Ол аз қабатты ғимараттар салу арқылы коммерциялық демалыс аймағын құрудың инвестициялық шаралар кешенін қамтиды. Аталмыш бағыттағы бизнес қызметі туризм мен қызмет көрсету саласына қатысты. Осы арқылы 20 жұмыс орны ашылмақ. Жоба бойынша қорытынды инвестиция 308 млн 031 мың теңгені құрайды», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, Ерейментау қаласындағы қару-жарақ фабрикасы мен қорғаныс дулығаларын өндіретін фабрика құрылысы жобасы таныстырылды.

«Ауыл шаруашылық өндірісі өңірдегі экономиканың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта мал шаруашылығы кешені, ірі қара малы кешені мен қой шаруашылығын құру жоспарда бар», - деп хабарлайды Медиа орталық.




Яндекс.Метрика