Инфрақұрылымның дамуы

Атбасарда 45 отбасы пәтер кілттеріне ие болды (Фото)

Бүгін Атбасар қаласында 45 отбасы пәтер кілттеріне ие болды, баспаналар Ақмола облысы әкімінің шаралар жоспары аясында ТЖ-ны жою мақсатында салынған болатын.
Ақмола 30 Қазан, 12:21

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы осы жылғы сәуір айында басталған болатын, жалпы құны – 331 млн теңге. Үйде 10 бір бөлмелі, 26 екі бөлмелі және 9 үш бөлмелі пәтер бар.

Баспана кілтін облыс әкімі Сергей Кулагин табыстады.

«30 қазан жағдайына сәйкес Атбасарда жаңа баспана кілтіне 74 отбасы ие болды, 135 отбасы осы жылдың қараша-желтоқсан айында алады. Бұл мақсаттар үшін 45 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Су басу жағдайына душар болған адамдар жыл соңына дейін баспанамен қамтылады», - делінген хабарламада. 





Яндекс.Метрика