Парламент

Сенат 40 елге құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияны ратификациялады

Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты бүгінгі жалпы отырыста «Азаматтық процесс мәселелері конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын қабылдады.
Нұр-Сұлтан30 Қазан , 10:37

«Азаматтық процесс мәселелері конвенциясы  азаматтық процесс мәселелері бойынша мемлекеттердің өзара қатынасы үшін әмбебап халықаралық құқықтық негіз құруға бағытталған. Онда сот және соттан тыс құжаттарды тапсыруға арналған мүше мемлекеттер мен дипломатиялық үкіметтердің құзіретті органдары арасындағы байланыстың қарапайымдатылған тәртібі анықталады», - дейді ҚР Әділет министрі Берік Имашев.

Министрдің айтуынша, Конвенцияға мүше мемлекеттердің әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматы азаматтық күйі жазбасы акттерінен мәлімет ала алады немесе Конвенцияға мүше өзге мемлекеттің аумағында тегін құқықтық көмекке қол жеткізе алады.

«Сонымен қатар, Конвенция өзге мемлекеттің сотына қатысатын басқа мемлекеттің азаматынан қандай да бір кепілдік немесе өзге де міндеттемелерді мойнына жүктеуге тыйым салады», - дейді.  

Өздеріңізге де белгілі, Конвенцияның қазіргі таңда 48 қатысушы мемлекеті бар. Солардың тек 11 мемлекетімен ғана Қазақстанның құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық келісімі бар.

«Конвенцияның өз күшіне енуі Қазақстанның өзге де 37 мемлекетпен ынтымақтастық құруына мүмкіндік береді», - дейді министр.

ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің қорытындысында айтылғандай, Азаматтық процесс мәселелері конвенциясы 1954 жылдың 1 наурызында Гаагада құрылған.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика