Инвестициялар

Инвестициялық форум қатысушылары Байқоңырдың ғылыми-техникалық кешеніне барды

«Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы облыстың жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында өтіп жатқан ІV Байқоңыр инвестициялық форумға қатысушылар ғылыми-техникалық кешенге барды, деп хабарлады әкімдік.
Қызылорда30 Қазан , 15:33

«Жалпы, жарты жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жолғы форумға 300-ден астам мейман келді. Бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу, дамыту институттары, банк секторлары және мемлекеттік органдар өкілдері аймақтың экономикалық мүмкіндігін бағамдау басты мақсаттары», - делінген хабарламада.

Алдымен жұлдызды қала төрінде инвестициялық форум бағдарламасына аясында  «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясы консультативті комитетінің» отырысы өтті. 

Жиында жеті мәселе қаралды. Онда кәсіпкерлікті өрістетудің тиімді тетіктері, дамыту жолдары, жайлы мәселелер талқыға түсті.

Форумның басты мақсаты шетелдік және отандық инвесторлар мен индустриалды, туристік, аграрлық салалардағы компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, инвестициялық климатты одан әрі жақсартып, қаржылық инфрақұрылымды дамыту.

Мұнан соң форумға қатысушылар «Қорқыт ата»  меморальды кешеніне аяндап, жұмысымен танысты.

Ертең форумның негізгі шаралары өтеді. Аймақ үшін маңызды 11 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.




Яндекс.Метрика