ҚР ИИДМБ

Қарағандыда БЖК аясында бірқатар жоба қарастырылды - әкімдік

Қарағанды облысында ҮИИД Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар қарастырылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды30 Қазан , 12:36

«Оның ішінде «Теңіз самалы» ЖШС тарапынан «Ьалық өнімін қайта өңдеу» жобасы ұсынылды. Компания басшыларының сөзіне сүйенсек, құны 63 млн. теңге болатын бұл жоба 30 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Басқа жобалар ішінде - «Экожан» компаниясының полиграфиясына жаңа құрылғылар алу, «SHEBER» ЖШС аспазханасын ашу, автобус паркін кеңейту ұсыныстары бар», - делінген хабарламада.

Жиын барысында «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Абай ауданында жүзеге асып жатқан жобалар қарастырылды.

 




Яндекс.Метрика