Инновациялар

Астанада кәсіпкер-инноваторларға арналған «Astana Startup Weekend - 2014» шарасы өтеді

2014 жылғы 31 қазанда және 1-2 қарашада елордада Астана қаласы әкімдігінің атынан «Астана Innovations» АҚ ұйымдастыруымен өз істерін жаңадан бастаған кәсіпкер-инноваторларға арналған «Идеядан бизнеске дейін» тақырыбындағы «Astana Startup Weekend - 2014» іс-шарасын өтеді.
Астана қаласы30 Қазан , 13:06

Startup Weekend іс-шарасы бүкіл әлем бойынша жүйесі 30 мың инноваторлардан тұратын, өз істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің жаһандық бастаманың бөлігі болып табылады.

«Іс-шараның басты идеясы – қатысушылар бірінші күні бір идеямен келеді де, сол күнгі кеште-ақ командалар құрып, үшінші күннің кешінде өнімнің прототипін және үш күннің немесе 54 сағат қарқынды жұмыстың нәтижесі ретінде қазылар алқасының қарауына ұсынады», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

 «Astana Startup Weekend»-тің тақырыбы «Идеядан бизнеске дейін». Іс-шараның ұйымдастырушылары «Astana Startup Weekend - 2014» Астана қаласы үшін креативтік әзірлеушілер мен ақылды стартап-жобалардың жаңа аттарын әйгілі ететіндігіне үміт артады.

«Astana Startup Weekend 2014»-тің жүлде қоры 1 млн. теңгені, сондай-ақ EMC халықаралық компаниясынан гран-приді құрайды.

Astana Startup Weekend іс-шарасының жүлдегерлеріне «Астана Innovations»  АҚ технологиялық бизнес-инкубациялауына жеңілдік негізде қатысуға мүмкіндік берілетін болады.

Аталған іс-шара 2012 жылдан бастап жыл сайынғы негізде өткізіліп келеді. Екі жыл ішінде іс-шараларға 200-ге тарта адам қатысты, 40-қа жуық командалар қалыптасты. Шара  жүлдегерлері стартап компаниялар құрып және өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруда.

 

 




Яндекс.Метрика