Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ҚР ИДМ бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тақырыбында 20-дан астам семинар мен кеңестер өткізді

2014 жылы құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тақырыбында 20-дан астам семинар мен кеңестер өткізілді. Бұл туралы ИДМ жауапты хатшысы, «Индустрия және жаңа технологиялар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан30 Қазан , 10:48

Ведомство хабарлағандай, министрлік жемқорлықпен күресу бағытында бірталай шаралар ұйымдастырған. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және құжаттардың негізгі түрлерін беруді автоматтандыру жұмысы атқарылуда. Қазіргі таңға өнеркәсіпте, көліктік бақылау және басқа салаларда электронды лицензиялау жұмысы аяқталды.

«Бұдан тыс, 2013-2014 жылдары аралығында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тақырыбында 20-дан астам семинар мен кеңестер өткізілді. Сонымен бірге, ол ұйымның әлеуметтік маңызы бар шараларға ерекше мән берілетіндігін атап өтті: бір жылда бастауыш партия ұйымы 20-дан астам қайырымдылық акцияларына, спорт турнирлеріне және басқа шараларға белсене қатысты», - деді Б.Атамқұлов.

Жиналыста ұйымның алдындағы «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі қағидаларын және «Нұр Отан» партиясының Доктринасы белгіленген бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер белгіленді. Мұнымен қоса, жиналыс соңында Министрліктің партияға жаңадан кірген қызметкерлеріне партия билеттері тапсырылды.

 




Яндекс.Метрика