Өңірлер

Павлодар қалалық сотында оқу орталығы өз жұмысын бастады

Павлодар қалалық сотында қайтадан құрылған оқу орталығы өз жұмысын бастады.
Павлодар30 Қазан , 10:32

 «Бұл жаңашылдықты енгізу кездейсоқ жүзеге асырылып отырған жоқ. Барлық құрамның 34% судьялары үш жылға дейінгі, ал 38% бір жылға дейінгі еңбек өтілдері бар судьялар. Павлодар қалалық соты облысымыздағы азаматтық істерді қарау бойынша базалық сот болып табылатындықтан және әртүрлі санаттағы арыздар мен талап арыздардың көптеп түсуіне байланысты судьялар үшін тұрақты түрде өздігінен білім алу және қарқынды өздінен жетілу қажеттігі туындайды», - деп хабарлады Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алғашқы семинарлық сабақта дауды шешуде және істі қарау барысында маңызы зор, ҚР АІЖК-нің 153-155-баптарымен реттелетін талап арызды сот іс жүргізуіне қабылдау мәселесі сөз етілді. Заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің тәртібін сақтауды қажет ететін санаттағы істер жете талқыланды. Сонымен қатар, талап арыздарды қабылдаудан бас тарту, қайтару және қозғалыссыз қалдыру жағдайлары сараланды.

Сот жүйесінде нақты қызметтік тәжірибесі бар судьялар қатарынан таңдап алынған модераторлар мен тәлімгерлер, жас әріптестерінің ойын ескере отыра, тұрақты түрде өтетін келесі сабақтардың тақырыптарын анықтады. Бұл жоба тиімді нәтижелерге қол жеткізуге серпін берері сөзсіз.

 




Яндекс.Метрика