Білім беру

Павлодарда танымал шетелдік ғалымдар тәжірибелерімен бөлісуде

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шетелдік дәріскерлерді шақыру университеттік бағдарламасы шеңберінде белгілі шетелдік ғалымдар ЖОО-ның студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына дәріс курстарын оқуда, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Павлодар30 Қазан , 10:02

Жалпы, шетелдік дәріскерлерді университетке шақырту бағдарламасы С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне ғылыми жұмыстармен айналысуға, әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарының ғылыми жобалары мен зерттеу жұмыстарының тың бағыттарымен танысу мүмкіндігіне жол ашады.

 ««Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыған дәріскер – Джоакино Россини атындағы Пезаро консерваториясының профессоры, халықаралық сайыстарының жүлдегері, әлемге танымал опера әншісі, қойылым-опера режиссері Дүндекова Евгения. Ол  «Еуропаның вокалдық өнері және дауысты қою» тақырыбында  «Орындаушылық өнер» кафедрасында дәріс оқыды.   «Орындаушылық өнер» кафедрасының филиалы ретінде музыкалық колледжде, қосарлы білім беру бағдарламасы аясында облыстық филармониясының камералық хорында шеберлік сынып өткізді», - делінген хабарламада.

Халықаралық дәрежедегі дәріскер Давид Лорант өз дәрісінде туризм жаһандық мәселелерін қозғады.  Георгий Мезцарос әлемдік БАҚ заңнамалары мен этикасы, журналистердің социологиялық жұмыстарына қатысты мәселелерге баса назар аударды. Виктория Лебович студенттерге  аударма теориясы туралы, Томас Томпа патопсихология, медициналық психологияның жаңа бағыттарынан хабар берді. Каталин Кроо студенттерді  мәдениеттің экологиясы және постмодернизм эстетикасы турасындағы мәліметтерге қанық етті. Мирослав Свитек бүгінгі күнгі көлік жүйесі мен көлік құрылғыларын автоматтандырудың  түйіткілді мәселелерін қозғады.




Яндекс.Метрика