Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Атбасар қаласында Н. Агубаев Стратегия - 2050 шеңберіндегі міндеттердің орындалу барысын әңгімелеп берді (ФОТО)

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің әкімшілік жұмысы департаментінің директоры Нұртай Агубаев Атбасар қаласында өткен «Аждар и К» ЖШС ұжымымен кездесу барысында Елбасының халыққа Жолдауында қойған міндеттерінің орындалу барысын әңгімелеп берді, деп Ақмола облысының әкімдігінен хабарлады.
Ақмола 30 Қазан, 09:43

Өз сөзінде ол Жолдаудың  әлеуметтік салаға қатысты бөлімін кеңірек ашты, мемлекеттің жеткен жетістігі мен Елбасының Үкімет алдында қойған міндеттерінің орындалу барысын әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, директор түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді, атап айтар болсақ, олар мемлекеттік жинақтаушы қордың жұмысына, қымбат ота бойынша берілетін квоталарға, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға, мұнай өнімдеріңнің бағасының қымбаттауына, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне байланысты болды.

Бұдан басқа, Н.Агубаев Атбасар қаласы мен Мариновск ауылдық округының халқымен және №1 орта мектептің ұжымымен кездесті.

«Бұдан кейін салынып жаткан нысандардың құрылысымен танысты. Сапарының соңында Н. Агубаев «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімінда жергілікті халықты қабылдады», - делінген хабарламада.

 





Яндекс.Метрика