Халықаралық интеграция

Сардинияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-форум өтті

Сардиния автономдық өңірінде Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі тарапынан ұйымдастырылған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне және қазақстандық-итальяндық сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне арналған бизнес-форум өтті.
Әлемде30 Қазан , 09:01

Шараға өңірлік мемлекеттік құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палатасы, бизнес-ассоциациялар және Сардинияның аккредитацияланған машина жасау, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және туризм салаларында жұмыс істейтін 30-дан астам өнеркәсіп өкілдері қатысты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Шараға қатысушыларға «Казақстан-2050» ұлттық стратегиясының негізгі қағидалары, Қазақстанда бизнес жасау тәсілдері, шетелдік инвесторларды тарту үшін жасалған қазақстандық заңнамасындағы соңғы өзгерістер, экономикалық преференциялар мен стимулдар пакеті және қазақстандық нарықтың Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жағдайындағы артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Бұл тұрғыда АЭА дамуына және олардың инвестициялық саясат үшін бәсекелестік артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Бұдан басқа жеке тақырыптар «АТОМ» жобасына және Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне кандидатурасына арналды.

Форум кезінде Сардиния кәсіпкерлері сонымен қатар ҮИИДМБ және ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі жобасын іске асыру барысы туралы ақпарат алды. Шараның соңынан болған пікірталас кезінде жергілікті іскерлік топтар Қазақстан басшылығының республикада қолайлы инвестициялық жағдай жасауға бағытталған саясатына жоғары баға берді.

 




Яндекс.Метрика