ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Е.Тоғжанов: Бүгінге дейін мемлекеттік тілді дамытудың барлық жағдайы жасалды (ФОТО)

Бүгінге дейін мемлекеттік тілді дамытудың барлық жағдайы жасалды. Енді осы мақсатта мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі мен жолдарын дамыту күн тәртібіндегі мәселе, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасары Ералы Тоғжанов «Тіл тіл татулық тірегі» республикалық байқауда журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы 29 Қазан, 18:14

Шараға ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратурасы, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қызметкерлерінен құралған 8 топ қатысуда.

«Бүгінге дейін мемлекеттік тілді дамытудың барлық жағдайы жасалды. Енді осы мақсатта мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі мен жолдарын дамыту күн тәртібіндегі мәселе. Мемлекеттік қазақ тіліне қолдау көрсетіп жатқанын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді игеру деңгейінен тануға болады. Осы орайда бүгінгі шараның елдегі қазақ тілінің қолдану аясын кеңейте түспек», - деп мәлімдеді Ералы Тоғжанов.

Аталған іс-шара мемлекеттік тілді дамыту және оның рөлін арттыру, қызметкерлердің күнделікті өмірінде және қызмет барысында қазақ тілін белсенді қолдануға талпыныстарын күшейтуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтіп отыр.

Айта кетейік, байқау қорытындысымен айқындалған жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болмақ. 

Бауыржан Мұқанов

Суретке түсірген Азамат Алиев





Яндекс.Метрика