Өңірлер

Павлодар облысында астық алқабының 97%-ы жиналып бастырылды

Павлодар облысында ағымдағы жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша астық алабының 97%-ы жиналып бастырылды. Бұл туралы аппарат отырысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Ернұр Айткенов хабарлады.
Солтүстік Қазақстан29 Қазан , 19:14

Оның айтуынша, бидайдың жалпы жиын теріні әр гетарынан 6 центнерден деп есептегенде 380,9 мың тоннаны құрады.  «Ең көп өнім Баянауыл ауданында – гектарынан 11,4 центнер алынды, 8,8 –  Железинскте, ең төмен көрсеткіш Павлодар ауданында – гектарынан 1-2 центнерден тіркелді. Ертіс, Железинск пен Қашар аудандарында жиын терін аяқталған жоқ», - деді ол.

Бұдан басқа, диханшылар майлы дәнді дақылдарды жинауға көшті, 28 қазандағы жағдай бойынша 11 мың гетардан орташа есеппен әр гектардан 5 центнерден деп есептегенде 550 тонна жиналды. Оларды жинау жұмысын 20 күннің ішінде аяқтау көзделуде, деп толықтырды Айткенов.

Осы ретте ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер 2,5 млрд теңгеге 196 дана техника сатып алды. Ал, бидайды қабылдауға 10 астық қабылдау пункті дайын.

Аппарат жиналысының қорытындысы бойынша аймақ басшысы Қанат Бозымбаев барлық қалалық, аудандық және ауылдық ауылшаруашылығы басқармаларына егін жинау науқанын аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз етуді және 2015 жылдың егіні үшін ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымын себуді, сондай-ақ қысқы мал азағын тиянақты жинауды қатаң тапсырды. 




Яндекс.Метрика