Халықаралық интеграция

Қазақстан Хорватияны маңызды және болашағы зор серіктес ретінде қарастырады – СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға тұңғыш ресми сапарымен келген Хорватия Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Весна Пусичпен келіссөздер жүргізді, деп СІМ хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 18:44

«Тараптар саяси сұхбатты, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық танытты. Қазақстан мен Хорватияның жағрафиялық орналасуы, екі мемлекет экономикаларының әлеуеті көлік, транзит, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм және білім салаларында біріккен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Е. Ыдырысов Қазақстан Хорватияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі персективалық серіктес ретінде қарастырады деп атап өтті.

Келіссөздердің маңызды бөлігі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі жылға жоспарланған Хорватия Республикасына ресми сапарын дайындау мәселесін талқылау болды.

«Тараптар халықаралық құрылымдар, ең алдымен ЕО шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліген білдірді. Хорватияның Еуропалық Одаққа кіруі, оның жағрафиялық орналасуы, теңізге шығу жолының бар болуы және порттық, көліктік пен энергетикалық инфрақұрылымның әлеуеті елімізге Қазақстан мұнайын тасымалдау, өңдеу және мұнай өнімдерін ЕО нарығында сату мүмкіндіктерін береді», - деп министрліктен түсіндірілді.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанда хорват капиталының үлесі бар 17 біріккен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың көбісі сауда және қызмет көрсету салаларында шоғырланған. 2014 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Хорватия арасындағы сыртқы сауда көлемі 239,1 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 229,6 млн. доллар, импорт – 9,5 млн. доллар).

«Көлік инфрақұрылым дамуындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы сөз қозғалғанда, сұхбаттастар екі ел үкіметтерімен дайындалып жатқан Әуе қатыснасы туралы келісімді атап өтті. Туризм – ынтымақтастықтың маңызды бағыты ретінде танылды, бұл салада Хорватияның тәжірибесі мол. Тараптар виза алу ресімдерін жеңілдету және болашақта визалық тәртіпті мүлдем жою туризмнің дамуына зор үлес қосады дегенге келді», - деп ведомсвтодан хабарлады.

Кездесу қорытындысында көзделген мақсаттарға жету үшін екі ел сыртқы істер министрліктері арасында Іс-шаралардың жұмыс жоспарына қол қойылды.




Яндекс.Метрика