Парламент

БҒМ президенттік тестерді тапсыруда жеткен жетістіктер бойынша спорттық белгілерді енгізуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі президенттік тестерді тапсыруда жеткен жетістіктер бойынша спорттық белгілерді енгізуді ұсынды. Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиев мәлім етті.
Астана қаласы29 Қазан , 16:57

«Мәдениет және спорт министрлігіне президенттік тестерді тапсыруда жеткен жетістіктер бойынша спорттық белгілерді және жастардың физикалық дайындығы бойынша мониторинг енгізуді ұсынып отырмыз», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиев.

Сонымен қатар, ведомство жергілікті атқарушы органдарға ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес балаларды тегін және жеңілдігі бар спорттық құрылымдармен қамтамасыз етуді ұсынды.

Бұдан басқа, Білім және ғылым министрлігі  жаңа спорт залдардың, бассейндердің, аула клубтарының, балалар мен жасөспірімдер клубтарының құрылысын қарастыруды сұрады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика