Парламент

Қазақстанның спорт жүйесі балалар мен жасөспірімдер спортына көбірек қаражат бөлуді қажет етеді

Қазақстанның спорт жүйесі балалар мен жасөспірімдер спортына көбірек қаражат бөлуді қажет етеді. Бұл туралы Астанада өткен Үкімет сағатында ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ахан Бижанов хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 16:42

«Әлемнің көптеген спорттық мемлекеттерінде жүргізген сараптама нәтижелері халықтың спортқа деген қарым-қатынасы мектеп, оқу орындары мен еңбек ұжымында қалыптасады. Мысалы, АҚШ-та мектеп пен студенттердің бұқаралық спорты жергілікті билік үшін алдыңғы қатарда. Ал, Канада, Франция, Финляндия және өзгеде елдерде балалар және жасөспірімдер спортына жергілікті бюджеттің басым бөлігі жұмсалады», - деді А. Бижанов.

Кометиттен атап өткендей, Финляндия мен Норвегияда спортқа бөлінген қаржының 80% спорт нысандарын салуға жұмсалады.

«Бізде қаржыны бөлу қарама-қарсы жасалады, яғни қаржының  80% шеберлер командасын жинақтауға, ал қалған 20% - балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға жұмсалады. Бұл салада министрліктер, әкімдіктер  тарапынан спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша шараларды қабылдауды қажет етеді», - деді ол.

«Сонымен қатар, қолданыстағы спорттық нысандарды пайдалану мәселесі де қобалжу тудыруда. Бұдан басқа, мектептер мен оқу орындарында дене шынықтыру және спорттық жұмыстарды ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оның үстіне ғылыми-зерттеу базаларын дамыту қажеттілігі туындап отыр»,- деп түйді А. Бижанов.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика