Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президентіне берілген GIFA наградасы ислам әлемінің қазақстандық экономиканың жетістігін мойындайтынын білдіреді - Құсманғалиева

ҚР Президентіне берілген GIFA наградасы ислам әлемінің қазақстандық экономиканың жетістігін мойындайтынын білдіреді, деп ағынан жарылды Strategy2050 АА берген сұхбатында «Политологтар конгрессі» ҚБ басқарма төрағасы Жанаргүл Құсманалиева.
Астана қаласы29 Қазан , 17:13

«Аталмыш награда исламдық банкинг пен қаржыландыруды әлемдік немесе аймақтық деңгейде дамытуда жеткен жетістігі үшін беріледі. Ал, дәл осы награданың Елбасына берілуі ол ислам әлемінің қазақстандық экономиканың жетістігін және осы мақсаттағы Президенттің ерең еңбегін  мойындайтынын білдіреді», - деп сендірді ол.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, Қазақстан 2011 жылдан бастап исламдық қаржыны дамыту саласындағы исламдық ынтымақтастықтың тең төрағасы болып табылады.

«Өздеріңіз білетіндей біздің ел 2009 жылы исламдық банк туралы заңға өзгертулер мен қосымша енгізу  туралы заңды қабылдады және 2010 жылы да өзгертулер енгізілді. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында 2020 жылға қарай Алматы исламдық банктың аймақтық орталығына айналу керек деп тапсырма берді. Бүгінде Қазақстан 2011 жылдан бастап исламдық қаржыны дамыту саласындағы исламдық ынтымақтастықтың тең төрағасы болып табылады», - деп түйді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығы берілді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика