Білім беру

Мектептің 7500 түлегіне әлемдік деңгейдегі колледждерде білім алу туралы айтылды - Кәсіпқор

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ қызметкерлері өткізген кәсіби бейімдеу жұмыстарының бірінші толқынының қорытындысы бойынша 2014 жылдың қазан айында кәсіби машықтандырумен жалпы саны 7500 оқышусы бар 460 қалалық және ауылдық мектеп қамтылды, деп компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Казахстан29 Қазан , 19:43

Қазіргі кезде «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ мақсаты Астана және Алматы қалаларындағы әлемдік деңгейдегі колледждерде және Атырау қаласындағы өңіраралық кадрлар дайындау орталығында оқу мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайлы ақпарат тарату болып табылатын белсенді кәсіби бейімдеу жұмыстарын жүргізуде.

««Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ қызметкерлері Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында қалалық және ауылдық мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп, әлемдік деңгейдегі колледждерде оқудың артықшылықтары туралы ақпаратпен таныстырып өтті», - делінген хабарламада.

Оқушылармен кездесу кезінде колледждерге түсу туралы ақпарат таныстырылды: түсу ережелері, емтихандар тапсыру үрдісі, оқудың артықшылықтары мен ерекшеліктері.

«Көп оқушылар әлемдік деңгейдегі колледждерде оқу туралы қызығушылық білдіріп, белсенді сұрақтар қойып, оқуға түсу туралы ойларын білдірді. Соның ішінде, болашақ студенттер оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу, шетелдік оқытушылардан сабақ алудың қиындықтары, колледждердің әлемдік стандарттарға сәйкестігі жайлы және т.б. сұрақтар қойды. Оқушылар математика және ағылшын тілінен тестілер тапсырып бірінші іріктеу турына қатысу мүмкіндігіне ие болды. «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ қызметкерлері оқушылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап беріп, өз презентацияларн көрсетті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2014 жылдың қараша айында кездесулер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізіледі.




Яндекс.Метрика