Ұлттың денсаулығы

2014 жылғы спорттық шараларға 3 млн-нан астам адам қатысты – Мұхамедиұлы

Биыл еліміздегі түрлі спорттық шараларға 3 млн-нан астам адам қатысты, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Парламенті Сенатындағы үкімет сағатында.
Астана қаласы29 Қазан , 15:55

«Республика бойынша 27 655 спорттық шара ұйымдастырылды. Соның ішінде 17 811-і ауылдық жерде өтті. Аталмыш шараларға шамамен 3 млн 623 мың адам қатысса, соның ішіндегі 2 млн 200 мыңы ауыл халқы», - дейді министр.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша республикадағы спортпен айналысатын халық саны 3 млн 900 мың адамды құрады.

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі студенттік және оқушылар лигасын құру тәртібін дайындауда. Сонымен қатар 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқушылар арасында 15 спорт түрі бойынша мектеп лигасы аясында Барсиада жарысын өткізу жоспарланған. 

«Спорттық-көпшілік шаралары негізінен президенттік тест тапсыру шаралары болып табылады. Биыл ҚР Президенті тестін тапсыру тәртібінің құрылымына өзгерістер енгізілді. Осы уақытта Мәдениет және спорт министрлігі тест нормативін орындаған қатысушыларды марапатпен қамтамасыз ету бойынша қажетті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрлігі алдына 2020 жылға қарай халықтың 30 пайызын жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айланысуына мүмкіндік жасау тапсырмасын қойып еді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика