2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Н. Назарбаев «Мәңгілік елді» құруға шақырып қана қоймады, ол оның алғашқы кірпішін тұрғызды – Божко

Бүгін ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко бастаған Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық топ Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті, деп облыстың ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
Ақмола29 Қазан , 17:43

В. Божко Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттердің орындалуы туралы әңгімелеп берді. Баяндамашы атап өткендей, баршамыз еліміздің білім, денсаулық сақтау, салаларында ірімасштабты жобалар жүзеге арылып және инновациялық теңнологичлардық белсенді енгізіліп жатқанының куәгеріміз. Сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасы да артуда. 

«Президент өзінің халыққа Жолдауында дамыған отыз елдің қатарына ену, «жасыл» экономика мен энергетика түрлерін, аймақтағы инфрақұрылымдарды  дамыту сынды алдыңғы қатардағы  бірқатар міндеттерді қойды» - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан басқа, мемлекеттің және әр қазақстандықтың тағдырын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы арқылы жүргізу ұсынылды, оның негізінде мемлекет пен халықтың әл-аухатын арттыру.

Вице-министрдің айтуынша, Елбасы «Мәңгілік елді» құруға шақырып қана қоймайды, ол оның алғашқы кірпішін қалады. «Бүгінде біз мемлекетті индустрияландыруды жүргізуіміз керек, «жасыл» экономикаға көшіп, халықтың тілін, мәдениеті мен ділін, дінін, ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын сақтап қалуымыз шарт.  Жас ұрпақтың білім алуына жағдай жасаумыз керек».

Айта кетерлік жайт, ішкі істер министрінің орынбасары жұмыс сапары аясында аймақтың ТЖ органының қызметтерімен, Көкшетау техникалық институтының курсанттары және ұстаздар құрамымен кездесіп, жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылысымен танысты және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында халықты қабылдады. 




Яндекс.Метрика