Парламент

Республикалық бюджеттің кірісі 41 млрд теңгеге ұлғайтылды – Мәжіліс

Республикалық бюджеттің кірісі 41 779 654 мың теңгеге ұлғайтылды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 16:18

Түсіндіріп өткендей, Мәжілістің пленарлы отырысында Үкімет ұсынған 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасына өзгертулер мақұлданды. 2014 жылдың республикалық бюджетін қайта қарауға еліміздегі экономикалық жағдайға сараптау  базасында макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарау негіз болды.

«Қайта анықталған 2014 жылдың республикалық бюджетінің болжамды кірісі 3 940 411 953 мың теңгені құрады, ол бұған дейін бекітілген 2014 жылдың жоспарынан 420 млрд теңгеге кем. Оның ішінде салық төлемдері бойынша 460 млрд теңгеге төмен, ал салықтық емес төлемдер бойынша  39 млрд теңгеге және негізгі капиталды сату бойынша түсімнен 267 215 мың теңгеге жоғары», - делінген хабарламада.

Осы ретте, 2014 жылдың республикалық бюджетінің табысы бұған дейін бекітілген жоспардан 462 521 933 мың теңгеге төмен болады деп күтілуде.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2014 жылдың қайта анықталған республикалық бюджет шығыны бұған дейін бекітілген 65 520 203 мың теңгеге қарағандай көбейіп, 7 190 297 568 мың теңгені құрайды. 




Яндекс.Метрика